Францияда Канн кинофестивалі осымен 78-мәрте ұйымдастырылды. Бұл жолы Азия киносының мерейі үстем болды. Бас жүлде иран режиссерінің шығармасына бұйырды.
Канн фестивалінің «Алтын пальма бұтағы» сыйлығын Иран кинематографшысы Жафар Панахи алды. Оның «Қарапайым кездейсоқтық» деп аталатын фильмі заң тәртібі қатаң елде заңсыз түсірілген. Шығарма кешірім мен кек алу туралы.
Панахидің өзі 2023 жылы түрмеден босап шыққан. 22 жыл бойы елден шыға алмаған ол фестивалдің бас жүлдесін алды.
Шамамен екі аптаға созылған Канн кино байқауында саяси туынды аз болған жоқ. Иран ғана емес, Ирак, Газа секторы мен Израиль, сонымен бірге Украина туралы фильмдер көрсетілді.
Қазылар алқасының арнайы сыйлығы қытай режиссері