Алматы әкімдігі Нұрлан Смағұлов пен Сергей Каннан 80 млрд теңгеге автобустар сатып алғалы отыр. Тендер соңына жетті.
700 автобус
Bes media ақпаратына қарағанда, Алматыда мемлекеттік сатып алу аяқталды. Онда жаңа қоғамдық көліктерді жеткізу де бар. Тендерде 600 газбен жүретін автобус пен 100 электробустар көрсетілген. Ұзын-саны – 700 автобус.
Төрт лоттың үшеуі бойынша жеткізуші анықталып отыр. Қорытынды бойынша, Алматы әкімдігі бұл көліктерді Нұрлан Смағұлов пен Сергей Каннан алмақ.
Әрқайсысы қанша тұрады?
Автобустардың ұзындығы – 12 және 18 метр. Ішінде климат-бақылау, пандус және бейнебақылау жүйесі болады. Әрқайсысының құны 173,5 млн теңге. Ал газбен жүретін қоғамдық көліктер біршама...