Жазғы демалыс кезеңі басталып жатыр, бұл уақытта шетелге шығу жоспарланған болса, келеңсіз жағдайға тап болмас үшін қазақстандықтар ең алдымен паспорттарының қолданылу мерзімін тексеріп алғаны абзал. Өйткені кейбір елдерге кіру үшін паспорт қолданылу мерзімінің бітуінен кемі 6 ай бұрын ауыстырылуы керек. Ал алғаш рет шетелге шығатындар үшін төлқұжат алу – маңызды қадам. Төлқұжат жасату қанша теңге тұрады және оған қандай құжаттар қажет? Kursiv.media осы сауалдарға жауап іздеп көрді.
Төлқұжаттың жарамдылық мерзімін алдын ала тексеріңіз
Сапарға шығар алдында шетелдік паспортыңыздың мерзімі кемінде 6 айға жарамды екеніне көз жеткізіңіз. Егер мерзімі аяқталуға жақын болса, құжатты алдын ала ауыстырған дұрыс. Айта...