Бүгін, 22 шілдеде алматылық «Қайрат» футбол клубы Финляндияның Куопио қаласында жергілікті КуПС командасына қарсы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді.
Бұл ойында тек келесі кезеңге жолдама ғана емес, сонымен қатар, Еурокубоктардың топтық кезеңіне жол ашатын маңызды мүмкіндік тұр. КуПС пен «Қайрат» арасындағы жеңімпаз, тіпті одан кейінгі кезеңдерде жарыстан шығып қалса да, Конференциялар лигасының топтық кезеңіне қатысуға кепілдік алады.
Финляндиялық КуПС алғашқы іріктеу кезеңінде Молдованың «Милсами» командасын жолдан тайдырды: бірінші ойында 1:0 есебімен жеңіске жетіп, жауапты кездесуде 0:0 есебімен тең ойнады.
Ал «Қайрат» Словенияның «Олимпиясына» қарсы алғашқы ойында сырт алаңда 1:1 есебімен тең түсті. Алматыда өткен жауапты кездесуде...