Алматы қаласында шілде айында қаза тапқан 22 жастағы Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазір тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жұмыс атқарылуда. Барлық қажетті материалдар жинақталып, талдануда, куәгерлерден жауап алынып, бейнебақылау жазбалары қаралуда, сондай-ақ заңмен белгіленген басқа да процессуалдық шаралар жүзеге асырылып жатыр, – делінген ресми хабарламада.
Полиция департаменті бұл істің департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.
Қаза тапқан азаматшаның жақындарының қайғысына ортақтасамыз. Қажетті сараптамалар мен тергеу амалдары толық аяқталған...