Маусым айынан бастап қазақстандықтар ұялы телефон нөмірі арқылы бес банк арасында аударым жасай алады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Тимур Жаленов мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2024 жылдың қарашасында реттеуші банкаралық аударымдарды телефон нөмірі арқылы іске асырудың сервисін әзірлеп, пилоттық режимде іске қосқан. Қазір банктерді осы сервиске кезең-кезеңімен қосу жүріп жатыр.
«Маусым айында алғашқы бес банктің клиенттері үшін телефон нөмірі арқылы жасалатын банкаралық аударымдар қолжетімді болады. Бұл бес банкке Halyk, Freedom, RBK, Altyn және Home Credit кіреді. Қалған банктер жүйеге кезең-кезеңімен қосылатын болады, — деді Тимур Жаленов.
Сондай-ақ, Тимур Жаленов жыл соңына дейін банкаралық QR-төлемдер жүйесін...