Баласын сатқан өзбек әйелдері жиілей бастады. Сондықтан Өзбекстан билігі адам саудасына қатысты қылмыстарға жазаны күшейтіп отыр.
Енді олар 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұрын Өзбекстанның Қылмыстық кодексінде ең ұзақ мерзім 12 жыл деп көрсетілген болатын.
Өзбекстан бұл қадамға неге барды?
Өзбекстанның Әділет министрлігінің ақпаратына қарағанда, адам саудасына қатысты заңнамаға осындай өзгеріс енгізіліп жатыр.
Адам саудасында жалған құжаттар пайдаланылса немесе құжаттар жасырылса, бүлдірілсе, 5 жылдан 10 жылға дейін түрмеге қамалады. Бұрын 8 жылға дейін мерзімге кесілетін.
Өзбек билігі бұл қадамға бекер барып жатқан жоқ. Бұл елде адам саудасы, әсіресе, балаларын сату жиі кездесіп отыр.