Дүйсенбі күні АҚШ-тың негізгі қор индекстері бойынша аса үлкен өзгеріс болған жоқ. Dow Jones индексі 0,16%-ға, S&P 500 0,38%-ға және Nasdaq 0,13%-ға төмендеді. Бұл туралы KASE-нің қор нарығына шолуында жариялады.
S&P индексіндегі 11 сектордың 8-і мұнай-газ секторын, технология секторын және тұтыну тауарларын қоспағанда төмен нәтиже көрсетті.
Berkshire Hathaway акциялары 1,99%-ға төмендеді. Nvidia акциялары 0,35%-ға өсті. Ал басқа ірі технологиялық компаниялардың акциялары әртүрлі динамиканы көрсетті.
Еуропа қор нарығы да сарапшылардың көңілін көншітпеді. STOXX 600 индексі 0,4%-ға төмендеді. Тау-кен өнеркәсібі компаниялары құнды қағаздары 2%-ға төмендеп, ал коммуналдық кәсіпорындардың акциялары 1,2%-ға құлдырады. Ал даниялық Zealand Pharma компаниясының құнды қағаздары 38,9%-ға өссе,Hellofresh азық-түлік...