1 наурыз күні телефон мен құрылғылардың уақыты автоматты түрде UTC+5 уақыт белдеуіне көшу үшін не істеу керек? Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі арнайы нұсқаулық жариялады.
2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Соған орай пайдаланушылар ұялы телефондар мен құрылғылардың ақпараттық жүйелерінен Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне (UTC+5) көшу туралы хабарламалар ала бастаған. Осы орайда Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға оларды жаңарту және жаңа уақыт белдеуіне уақтылы көшу бойынша әмбебап нұсқаулықтар дайындады.
Уақыт автоматты түрде жаңа уақыт белдеуіне көшу үшін құрылғыларды бағдарламалы...