Жасанды интеллект кейінгі жылдары қоғамдағы түгел дерлік салада қолданылатын құрал болып кетті. Оның ішінде қаржы саласында алғашқылардың бірі болып қолданысқа енгізілді. Алдағы уақытта бұл тренд жалғаса беретін сыңайлы. Дегенмен AI-ға қаншалықты сенуге болады? Оның артықшылықтары қандай? Нендей қауіп төндіруі мүмкін? Қазір пайдаланылып жүрген технологиялар қалай жұмыс істейді? Осы тақырыпқа шолу әзірледік.
Машинаны үйрететін және нейрон желілерінің алгоритмдерін қолдана отырып компаниялар нарықтағы трендтерге болжам жасап, шешім қабылдағанда тәуекелдерді таразылайды. Бұл тұрғыдан қарағанда жасанды интеллектінің әжептәуір көмекші екенін білуге болады. Әйтсе де, саладағы сарапшылар қауіптің де жоқ емесін айтып, дабыл қағады. Соның ішінде роботтар болашақта адамдардың орнын басып, жұмыс орындарын жо...