Сенат кулуарында Мәулен Әшімбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстан экономикасына қатысты зерттеуі туралы ойын ортаға салды.
«Өте қызықты зерттеу, бірақ мұнда стандартты нәрселер көп. Біздің экономикамызды, соның ішінде бизнестің жай-күйін терең талдайтын бөлімдер бар. Олар біздің бизнес пен экономиканың бірнеше мәселелерін атап көрсетті», – деді Сенат төрағасы.
Осы тұста ол 2012-2022 жылдар аралығындағы 10 жыл ішінде өндіріс төмен болғанына қатысты пікірімен бөлісті. Оның ойынша, осы кезеңде экономикада өнімділік нөлдік деңгейде болды. Зерттеуде тиісті сандар сонда келтірілген. Сенат төрағасы Үкімет бұл деректерді зерделеуі керек деп есептейді.
«Екінші мәселе, соңғы 10 жылдағы күрделі салымдар туралы. Негізгі капиталға салымдар...