2025 жылы қандай мамандықтарға грант көп бөлінетіні белгілі болды. Үкімет сағатынан кейін өткен брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов грант көп бөлінетін мамандықтар туралы айтты.
«Биыл техникалық мамандықтарға сұраныстың жоғары болуына байланысты грант саны көбірек болады», – деді министрлік өкілі.
АЭС үшін мамандар дайындау
Ешенқұлов сонымен бірге елде АЭС салынатындықтан, ядролық-физика саласы бойынша мамандарды дайындау шаралары қарастырылып жатқанын айтты.
«Қазіргі таңда АЭС-ке қатысты грант мәселесін қалыптастырып жатырмыз. Техникалық университеттердің оқу бағдарламалары мен мүмкіндіктері ескеріледі. Алдағы уақытта қанша мамандыққа қажеттілік туындайтынын толық бағамдай келе, гранттар саны...