Денсаулық сақтау министрлігі Астана қаласының әкімдігі және Yandex Qazaqstan компаниясымен бірлесіп, жаңа пилоттық жобаны іске қосты. Енді Астана тұрғындары жедел жәрдeм шақырған жағдайда, бригаданың қозғалысын онлайн карта арқылы бақылай алады.
Жаңа цифрлық сервис алдымен бірінші санаттағы шұғыл шақыртуларға қолданылады. Шақырту түскен сәтте азаматтың телефонына SMS-хабарлама жіберіліп, онда жедел жәрдемнің бағытын көрсететін интерактивті картаның сілтемесі болады. Картаны ашу арқылы пайдаланушы жедел жәрдем көлігінің өзіне қарай қалай келе жатқанын көре алады.
Астана қаласы жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, күн сайын 6000-ға дейін қоңырау қабылданады, оның 40%-ы – жедел жәрдемнің келу уақытын нақтылауға қатысты қайталанатын қоңыраулар. Автоматтандырылған хабарлау жүйесін енгізу мұндай артық жүктемен...