Алтын орданың құрылуы мен Жошы хан кезеңіне арналған «Golden Empire» деректі-драмалық сериалының түсірілімі аяқталды. Бұл жөнінде жобаның ақырғы түсірілім күнінен барған мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин мәлім етті.
Мемлекеттік кеңесші бірегей жоба президенттің тарихты зерделеу және оны кеңінен насихаттау мәселелеріне ерекше мән беруінің нәтижесінде жүзеге асқанын айтады.
Түсірілім 11 аптаға созылған. Жобаның барлық кезеңі Қазақстан аумағында түсіріліп, оған барлығы 700-ге жуық маман атсалысқан.
Одан бөлек жұмыс Лос-Анджелес, Нью-Йорк, Астана, Алматы және Ыстанбұлдан қатар жүргізілген. Команданың басты құрамы шамамен 70%-ы қазақстандық кәсіпқойлардан тұрған.
«Түсірілімге Nomad Stunts командасының үйлестіруімен 200-ден астам қазақстандық каскадер мен шабандоздар қатысты. 3000-нан астам