Маңғыстау облысында Mangystau Future 2025 атты өңірлік инвестициялық форум өтті. Іс-шара кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау, өңірдің инвестициялық әлеуетін арттыру және туризм саласын дамыту мәселелеріне арналды.
Форум өңірлік отандық тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылған көрмемен ашылған. Қатысушылар жергілікті кәсіпкерлердің жетістіктері мен мүмкіндіктерімен танысты. Жиын барысында қатысушылар баяндама жасап, «сұрақ-жауап» форматында ашық диалог ұйымдастырылды. Сонымен қатар белсенді кәсіпкерлерге алғыс хаттар табысталды.
«Бұл форум өңір үшін өте маңызды. Маңғыстау – Каспий теңізі жағалауындағы бірегей табиғи және мәдени ресурстарға ие, стратегиялық маңызы бар аймақ. Өңір туризм мен инвестиция тартудың басым бағыттарының қатарына кіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында...