2024 жылы «Қазақфильм» кейінгі жеті жылда алғаш рет өзін-өзі ақтайтын деңгейге жетті. Бұл – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның пікірі. Бұл туралы министр Aikyn.kz сайтына берген сұхбатында айтқан. Сондай-ақ киностудия төңірегіндегі мәселелерге тоқталған.
Заңға өзгеріс енгізілді
Айтуынша, заңнамалық деңгейде мемлекеттік киноқаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде 30%-ы жыл сайын «Қазақфильмге» бағытталатын тетік енгізілді.
«Бұл норманы іске асыру мақсатында биыл «Қазақфильмге» үш коммерциялық кино жобаны түсіруге 336 млн теңге көлемінде қаражат бөлінуде. Қазір киностудия келіссөздер жүргізе бастады. Бұл жерде ескерер дүние, мемлекеттен бөлінетін әр тиынның есебі, сұрауы бар. Сондықтан бұл қаражат сараптаудан өткен, лайықты деп танылған...