Білім саласына алдағы 5 жылда ЖИ-ді енгізіледі. Оқу ағарту министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арнайы тұжырымдаманы бекіткен. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Білім саласына ЖИ енгізу тұжырымдамасы туралы
«Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2025–2029 жылдарға арналған орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды», – делінген баспасөз хабарламасында.
Бұл құжат президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауда айтқан тапсырмасына сәйкес әзірленген. Тұжырымдамаға сәйкес...