Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаев жол ережесін бұзды. Шымкенттегі аэрапортқа алып баратын Бақбаев көшесінде Lexus LX 570 маркалы көлікпен жол жүру ережесін бұзып тұрған видеосы тарады. Қалалық полиция департаментінің Курсивке хабарлауынша, оқиға бүгін болған.
Желіде тараған бейнежазбада көлік қарсы бағыттағы жолға шығып, жол үстінде баланы көліктен түсіргені, оны түсіріп тұрған адаммен сөйлесу үшін көлігімен артқа жүргенін байқауға болады. Видеода көлік жүргізушісі кеудесіне депутат төсбелгісін тағып алғаны көрінеді.
Тексеру нәтижесінде жүргізушінің Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 6 бабын бабын бұзғаны анықталған. Атап айтқанда, жалған тіркеу нөмірлері бар көлік құралын басқару, қарсы жолақпен қозғалыс, міндетті сақтандырудың болмауы...