Tesla ескерту шамдарындағы әріп өлшемі дұрыс емес болуына байланысты АҚШ-та 2,03 млн автокөлікті қайтарып алады. Бұл туралы Reuters Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
АҚШ Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі әкімшілігі (NHTSA) өкілдерінің айтуынша, автоөндіруші осы мәселені шешу үшін Tesla бағдарламалық құралды тегін жаңартуды бастады.
NHTSA мәліметтері бойынша, кері қайтарып алынған партияға Tesla-ның әртүрлі үлгідегі, соның ішінде 2017-2023 Model S, Model X, Model 3, Model Y және 2024 Cybertruck көліктері бар.
«Әріптің тым кіші өлшемі бақылау тақтасындағы маңызды қауіпсіздік ақпаратын оқуды қиындатуы мүмкін. Бұл апат қаупін арттырады», — деді NHTSA.
Айта кетейік, 2024 жылды...