Тимур Турлов: Цифрландыру арқасында соңғы бір жарым жылда жалпы несие портфелі 1 млрд доллардан асты
Цифрландыру банктердің 20-30 жылда жасаған жұмысын бірнеше айда жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бұл туралы Freedom Holding Corp басшысы және мажоритарлық акционері Тимур Турлов Digital Almaty 2024 форумында айтты.
«Біздің инфрақұрылымдағы, соның ішінде мемлекеттік тех инфрақұрылымындағы ең шабыттандыратын нәрселердің бірі – бұл халықты қамту деңгейінің өте жоғары болуы. Қызметтердің негізгі бөлігімен халық толық дерлік қамтылған. Ол биометрияны қолдана отырып, азаматтарға шот ашатын платформа құруға мүмкіндік береді. Біз олардың интеграциясын қолдана отырып, клиент тиісті рұқсат берген жағдайда деректерді жинай аламыз және толықтыра аламыз», – деді спикер
Оның айтуынша, мемлекеттік қызметті банктің, сақтандыру компаниясының қандай да бір бизнес...