Қаржы министрлігімен қатар Ұлттық банк Ұлттық қор қаржысына «ҚазМұнайГаз» ҰК акцияларын сатып ала алатын болады. Ондағы мақсат – республикалық бюджетті қаржыландыру. Сатып алынған акциялар сосын «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының басқаруына беріледі. Акцияларды сатып алу шартын Ұлттық банк айқындайды.
Қаржы министрлігі әзірлеген, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойған қаулы «Ашық НҚА» порталында жарияланған. Құжат 6 ақпанға дейін ашық талқыда болады. Министрлік осы құжат негізінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа» өзгеріс енгізген Үкімет қаулысын тағы да өзгертпек.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, кейіннен Банк айқындайтын шарттарда Банктің Ұлттық әл-ауқат қорыны...