Қоғамдық белсенді Юлия Нестерова Алматының Бағанашыл ықшамауданында орналасқан Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайтадан орталықтан шығып қалу қаупі төнгенін хабарлады.
«Жөндеуді қасақана жүргізбей отыр»
Белсенді балалар үйінің құбырларынан су ағып, жертөлесінің қабырғалары сөгілгелі тұрғанына қарамастан, басшылық оларды жөндеуге асықпайтынын айтады. Ол орталық басшылығы әдейі жөндеу жұмыстарын жүргізбей, ақыры ғимаратты тұруға жарамсыз деп танып, ондағы тәрбиеленушілерді шығарып жібере ме деп қауіптенеді.
Юлия Нестерова өз бетінше мемлекеттік сатып алулар порталын ақтарып, балалар үйін жөндеуден өткізуге ешқандай конкурс жарияланбағанын көрген. Бұл оның күдігін қоюлата түскен.
«Балалар үйін қасақана жөндемей, оны жарамсыз күйге дейін жеткізбекші. Ақша бөлмей...