АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына байланысты елге қарсы жаңа санкциялар енгізді. Бұл жөнінде АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтында жазылған. Қазір екі ел арасында келіссөздер жалғасып жатыр, соған қарамастан санкциялар пакеті жарияланып отыр.
Шектеу шаралары Иранның Fuya Pars Prospective Technologists ұйымына және оның үш жоғары лауазымды қызметкеріне салынған. Ол компания Иранның Қорғаныс инновациялары мен зерттеулер ұйымымен байланысы бар деп есептейді. Сондықтан АҚШ Мемдепартаменті аталған ұйым мен тұлғалардың кез келген активтерін бұғаттап, олармен іскерлік қарым-қатынас жасауға тыйым салды.
«Иран өз ядролық бағдарламасын кеңейтіп, ядролық қару мен оны жеткізу жүйелеріне қолдануға болатын қосымша зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуді жалғастырып отыр...