Енді алматылықтар мерзімі өткен, қолданылмаған немесе жартылай пайдаланылған дәрі-дәрмектерді қауіпсіз өңдеуге өткізе алады. «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында қаладағы 36 емханада арнайы контейнерлер орнатылды. Бұл туралы қала әкімдігінен хабарланды.
«Қазақстанда алғаш рет дәрі-дәрмектерді қауіпсіз түрде жою жүйесі құрылуда. Алматы қаласының тұрғындарына пайдаланылмаған дәрілерді тапсыруды ұсынып, біз әрбір азаматқа қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға мүмкіндік бергіміз келеді. Қазіргі таңда дәрілер әлі де қоқысқа тасталады немесе кәріз жүйесіне төгіледі — бұл экожүйелерге де, адамдардың денсаулығына да қауіп төндіреді. Жоба туралы ақпарат пен оны іске асыру кезеңдері EcoNetwork пен STADA-ның әлеуметтік...