Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрбол Қалдыбаев 4 жылға сотталды, деп хабарлайды KursivMedia.
О. Ерболатұлы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау фактісі бойынша (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы), Нұрбол Қалдыбаев ауыр салдарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша (ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы) сотқа тартылған. Қылмыстық іс Тараз қаласының № 2 сотында қаралған.
Тараз соты Ерболатұлының Тараз әкімдігінің мемлекеттік тендер бойынша 3 бес қабатты үй салумен айналысып, құрылысты аяқтамаған және объектілер бойынша құрылыстың аяқталғандығы туралы жалған актілер жасағанын анықтады.
«Лауазымды тұлға Нұрбол Қалдыбаев қызметтік өкілетін асыра пайдаланып, Ерболатұлына 519 млн теңгеден астам бюджет қаражатын аудару үшін негіз...