Зорлық жасады деген күдікпен Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ақшатау ауылының әкімі Нұрлан Сейілбеков қамауға алынды.
«Патриот» басылымы хабарлауынша, полиция оны кеше күндіз ұстаған. Қарағанды облыстық сотының сот алқасы оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде «қамауда ұстау» санкциясын берген. Бұған дейін қолданылған «үйқамақ» бұлтартпау шарасы заңсыз деп танылып, күшін жойды.
Қылмыстық іс тергеліп жатқан уақыт аралығында Нұрлан Сейілбеков тергеу изоляторында болады. Оған зорлық жасады деген күдік тағылып отыр.
Айта кететін жайт, Қарағанды қаласының 23 жастағы тұрғынының ата-анасы жүгінген. Олар ауыл әкімі ұсталмағанына, үйінде еркін жүргеніне наразылық білдірген. Ата-анасының айтуынша, Ақшатау ауылының әкімі 2024 жылдың қаңтарында, қыздары ауыл әкімдігінде жұмыс істеп...