Елімізде 30 жасқа дейінгі әрбір үшінші ер азаматтың банк депозиті бар. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) маркетингтік және әлеуметтанулық зерттеулер институты «Elim»-мен бірлесіп жүргізген әлеуметтанулық зерттеу негізінде қазақстандық ер азаматтардың қаржы мен жинақтарға деген көзқарасын талдады.
Зерттеу барысында 4 000 респондент сұралған, оның ішінде 2 020-сы – 18 бен 65 жас аралығындағы ер адамдар.
Респонденттердің 80%-ы отбасылы, 88%-ының жоғары білімі немесе ғылыми дәрежесі бар.
Мамандықтар мен салалар бойынша
Респонденттердің 37%-ы кәсіпкерлер немесе қызмет көрсету саласында, саудада жұмыс істейді.
22%-ы нақты секторда: өндіріс, көлік, байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығында; 7% – ғылым, білім, мәдениет саласында; 6% – экономистер...