Елімізде қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі артып жатыр. Осы жылдың бірінші тоқсанында 22,4% құрады, былтыр осы уақытта көрсеткіш 13,5%-ға тең болған еді. Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы арнайы есебін жариялады.
«Мұндай өсу цифрлық қаржы сервистерінің дамуына, карта мен QR арқылы төлеу мүмкіндіктерінің көбейгеніне, адамдардың финтехке сенімі артқанына және мобильді аударымдарға бақылау күшейіп, жұрттың төлем жасау әдеті өзгергеніне байланысты», – деп түсіндіреді қаржыгерлер.
Ал сәуірдің басындағы есеп бойынша, елімізде жалпы қаржы айналымындағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 87,1%-ға жетті (бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 85,5% болған).
Әсіресе, Ақмола, Жетісу және Түркістан облыстарында қолма-қол ақшасыз транзакциялар көлем...