9 мамыр – Жеңіс күні – бүкіл әлем үшін айтулы дата. Екінші дүние жүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең қасіретті зобалаң ретінде қалып отыр.
Бұл соғысқа 61 мемлекет қатысты. Бұл – әлем халқының 80%-ы. Соғыс өрті 40 мемлекеттің жерін шарпып өтті. Жүз он миллион адам әскер қатарына алынған. 60 миллионнан аса адам опат болды.
Неге әр елде әр күні тойланады?
Батыс елдері үшін жеңіс күні – 8 мамыр. Ал ТМД елдері 9 мамырда тойлайды. Бұған уақыт айырмашылығы себеп болған.
Гитлерлік Германия тізе бүгу актісіне қол қойған сәт – Орталық Еуропа уақытымен 8 мамырда түнгі он жарым кезі еді. Бұл...