Қазақстанда интернет-алаяқтықпен күресу үшін SIM-карталарды сату тәртібі өзгереді. Енді оларды тек ұялы байланыс операторлары ғана сата алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тиісті бұйрық дайындады. Бұйрық
Соңғы уақытта соңғы пайдаланушыны сәйкестендірмей тіркелген SIM-карталар арқылы жасалатын интернет-алаяқтық көбейіп кетті. Мұндай карталар көбіне дистрибьюторлар мен дилерлер арқылы сатылып келген. Алаяқтар бұл нөмірлерді түрлі айламен пайдаланып, ауыстырылатын немесе шетелдік нөмірлермен бірге қолданады. Мұндай тәсілдер тергеуді қиындатып, қылмыскерлердің жазадан сытылып кетуіне жол ашады. Құжат 23 мамырға дейін ашық талқыда болады.
Жаңа ереже енгізілгеннен кейін, SIM-карталарды тек мобильді операторлар сатады. Бұл шара SIM-карталардың тіркелуін нақты бақылауға, жеке тұлғаларды сәйкестендірусіз сату...