«ҚазТрансОйл» (ҚТО) топ-менеджерлері 2024 жылы 484,4 млн теңге сыйақы алған. Мәлімет Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланды. Компания «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) арқылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі. Kursiv.Media атқарушы биліктегі топ-менеджерлердің әрқайсы шамамен 70 млн теңге алғанын есептеп шықты.
ҚТО-ның KASE-ге тапсырған мәліметінде былтыр компанияның атқарушы органының мүшелері 485 млн 429 мың 507 теңге сыйақы алғаны айтылған. Компания былтыр 41,6 млрд теңге табыс тапқан.
Компания сайтындағы мәліметке сәйкес, қазір мекеменің директорлар кеңесі бес адамнан, ал басқарма құрамы жеті адамнан тұрады.
Директор кеңесінің мүшелері:
Болат Зәкіров – директорлар кеңесінің төрағасы, ҚМГ өкілі; Қайнар Кожумов – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор; Арман...