Аралас жекпе-жектен Қазақстан туы астында өнер көрсетіп жүрген Ресей азаматы, этникалық қазақ Дамир Смағұлов «Вестник ММА» YouTube арнасына берген сұқбатында Қазақстанға ұрпағының болашағы үшін қоныс аударғанын мәлім етті.
Спортшы Ресейдің Орынбор аймағын өзінің кіші отаны санайтынын, ол жақта ата-анасы тұратынын, ата-бабасы жерленгенін атап өтіп, отбасының жайлылығы үшін Қазақстанға көшуді жөн көргенін айтады.
«Өзім үшін, отбасым, балаларым үшін осында жақсырақ. Біріншіден, Қазақстан мұсылман елі, мешіт, халал тағамдар бар. Сосын менің ұрпағым басқаша тәрбиеленгенін қалаймын. Менталитеті қазақы болып, қазақ тілін білсе деймін. Маған осы жер жайлы, ыңғайлы, ұнайды. Бірақ бұл мен туып-өскен жерімді ұмытып кеткенімді білдірмейді. Мен...