Миллиардер Владимир Кимге тиесілі «Қазақмыс» компаниясының құрамына кіретін Kazakhmys Barlau Абай облысында кен іздеп жатыр. Геологиялық бұрғылау жұмысы басталған. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарламасы бойынша, бұл жұмыс өңірдің минералдық-шикізат әлеуетін бағалауға бағытталған.
2024 жылы жобаның алғашқы кезеңінде Qazaq Geophysics компаниясы Target EM әдісі бойынша аэроэлектромагниттік түсірілім жүргізген.
«Алынған деректер учаскенің геологиялық құрылымы туралы жалпы түсінік қалыптастыруға және кен минералдануымен байланысты болуы мүмкін аномалияларды алдын ала анықтауға мүмкіндік берді», – делінген хабарламада.
Екінші кезеңде геохимиялық талдау мақсатында кен үлгілері алынып, жер қыртысының қай бөлігінде орналасқаны анықталады. Бұрңылау жұмысы жалпы 3 мың шаршы...