2 мамырда Абай облысының әкімі Берік Уәли Қытайдың Чанцзи мемлекеттік жоғары технологиялар индустриялық аймағынан келген делегация мүшелерімен кездесті. Өңір басшысы оларды облысқа инвестиция құюға шақырды.
Абай әкімдігінің хабарлауынша, делегация құрамында құрылыс, тау-кен өндірісі, электроника және көлік құрастыру, көпір салу бағытында жұмыс істейтін компания өкілдері болды.
Аймақ басшысы қытайларға облыстың әлеуеті мен мүмкіндіктері туралы айтып, өңірде көлік-логистика, машина жасау, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға болатынын атап өтті.
«Абай облысы тоғыз жолдың торабында тұрғандықтан, көлік-логистикалық әлеуеті зор. Семей мен Аягөз қалалары аумағындағы темір жол бойында логистикалық хабтар ашуға толық мүмкіндік бар. Облыс орталығына...