Өзбекстан жыл аяғына дейін құны 1,7 млрд доллар тұратын мемлекет активтерін халықаралық нарыққа шығарады. Бұл іспен Franklin Templeton инвестициялық тобы айналысады.
Өзбекстан ұлттық активтерін сатады
Financial Times мәліметінше, 1 мамырда Өзбекстан ұлттық инвестициялық қорын (UzNIF) басқару міндетін алған фирма дамушы елдердегі қаржы нарығын дамыту ісінде үздік нәтижеге жетуге ұмтылады.
«Біз уақыт жоғалтқымыз келмейді. 2026 жылдың алғашқы тоқсанына күш салғымыз келеді», – дейді Franklin Templeton өкілі Мариус Дэн.
Оның айтуынша, Өзбекстан мемлекеттік банктері мен басқа да компанияларынан тұратын 18 миноритарлық акциялар пакеті шетелдегі қаржы нарығына жол тартады. Олардың арасында Uzbekistan Airways компаниясы да...