Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей бизнес субъектілері құны 26,5 млрд доллар болатын 135 жобаны іске асырып жатыр. Сонымен қатар жалпы құны 14 млрд долларды құрайтын қосымша 67 бірлескен жоба пысықталуда. Бұл жобалар негізінен экономиканың негізгі салаларында, атап айтқанда, машина жасау, металлургия және химия өнеркәсібінде жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ресейге жұмыс сапары барысында РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған.
«Тараптар сауда және инвестиция, өнеркәсіп кооперациясы, энергетика, ауыл шаруашылығы, азаматтық авиация, сондай-ақ транзиттік-көлік салаларындағы бірлескен іс-қимылдарды айқындады. Сонымен қатар мәдени-ағарту саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды...