Көптен күткен «Целинный» мәдени кеңістігінің ашылуы 2025 жылдың күзіне шегерілді. Бұған ғимаратты қайта жаңғырту барысындағы күрделі техникалық мәселелер себеп болды.
Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, мамыр айына жоспарланған ашылу уақыты кейінге шегерілуге мәжбүр болды. Себебі, ғимаратты қайта қалпына келтіру секілді күрделі құрылыс барысында қосымша құрылыс және техникалық шешімдерге байланысты қауіпсіздік пен сапаға қатысты бірқатар міндетті жұмыстар пайда болған.
«Целинный» – жай ғана ғимарат емес, бұл – өмір сүретін кеңістік. Біз бұл жерді зерттеу, диалог, кездесу мен жаңа мағыналарды қалыптастыратын орын ретінде көреміз. Сол себепті, оны алғашқы күннен бастап толыққанды, қауіпсіз әрі жайлы күйінде ашқымыз келед...