Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 63 доллардан төмен түсіп кетті. Мұнай бағасы әлем нарығында қатты арзандаса, оның зардабын Қазақстан экономикасы тартады.
Лондондағы ICE биржасында Brent-тің шілдеге арналған фьючерстерінің құны 1,28%-ға арзандап, материал жарияланған сәтте бір баррель 62,45 доллар болып тұр. Осылайша «қара алтын» жарты ай бұрынғы деңгейге қайта оралды.
Мұнай бағасы әлем нарығында бірде көтеріліп, бірде түсуіне жаһандық сауда соғысы мен OPEC+ ұйымының өндірісті ұлғайту шешімі әсер етті. Инвесторлар ең ірі екі экономика – АҚШ пен Қытай арасындағы текетірестің ұзаққа созылып кеткенін ескерді.
Оның үстіне бүгін сәуірдің соңғы күні. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мамырда өндірісті 411 мың баррельге өсіру...