Финтех саласы қарыштап дамып келеді. Соған байланысты қызметтің түр-түрі пайда болып жатыр. Соның бірі — необанк. Ол да дәстүрлі банк қызметтерін ұсынады, бірақ біршама айырмашылығы бар. Необанк деген не? Банк тұрғанда оның қандай қажеті бар? Оның жұмыс істеу принципі қандай? Осы туралы айтамыз.
Необанк деген не?
Необанктер дегеніміз — кеңсесі жоқ, бірақ соған қарамастан клиенттеріне қаржы қызметтерін ұсына алатын банктер. Әрі олардың пайыз мөлшерлемелері де азырақ, жұмысы да жылдамырақ. Себебі оларда эксплуатациялық шығын мен оңтайландырылған операциялар шығыны әжептәуір аз. Необанктер қызметін мобайл қолданба немесе уеб-сайт арқылы жүргізеді. Ұсынатын қызмет жеткізушіге байланысты. Көпшілігінде есеп және жинақ шоттары, төлемдерд...