Бүгін, 28 сәуір Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Батыpхан Шүкеновтің өмірден өткеніне 10 жыл толды. «А ‘ Студио»тобының негізін қалаушылардың бірі және солисті 52 жасында бақилық болған еді.
Батырхан Шүкенов атындағы қор бұл күнді еске алып, жазба қалдырды.
«10 жыл өтті. Бұл — мәңгі есте қалатын күн. Бүгін біз тек қана қайғыны емес, сонымен бірге Батырға деген естеліктің арқасында жалғасып жатқан барлық игі істі еске аламыз. Жылы сөздеріңізге, айтылған әндеріңізге, жазған хаттарыңызға, бөліскен әңгімелеріңіз бен суреттеріңізге алғыс айтамыз. Осы 10 жыл ішінде сіздер — тыңдармандар, жазылушылар, жас музыканттар — үлкен тарихтың бір бөлшегіне айналдыңыздар. Сіздер бізд...