Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2025 жылғы алғашқы хэдлайнерін жариялады. Бұл мәртебеге бүкіл әлемге кинодағы цифрлық кейіпкерлерді қайта танытқан актер – Энди Серкис ие болды.
Энди Серкис — «Сақиналар әміршісі» трилогиясындағы Голлумның, «Маймылдар планетасы» франшизасындағы Цезарьдың, «Жұлдызды соғыстардағы» жоғарғы көшбасшы Сноуктың және «Бэтмен» (2022) фильміндегі Альфредтің рөлдері арқылы әлемге танымал болды. Бұдан бөлек, Серкис «Кинг-Конг» фильмінде, «Андор» сериалында, Marvel әлеміндегі «Кек алушылар: Альтрон дәуірі» мен «Қара Пантерада» ойнаған Улисс Кло рөлімен де есте қалды.
Энди Серкис актерлік мансабымен қатар, режиссер ретінде де бірнеше жұмыстарымен танымал: «Веном 2», «Маугли» және «Біз үшін дем ал» сынды фильмдерд...