Kursiv.Media көтерген мәселе біртіндеп шешіліп жатыр. Апта аяғында елдегі жекеменшік мектептердің дені 2025 жылғы ақпан, наурыз айлары үшін төлемақы алды.
Алайда ең бай қалалардағы ұстаздар айлықсыз отыр: Атырау ақпан, наурыз айларын, ал Алматы қаласы наурыздың қарызын әлі алмады. Бұл екеуінде 150-ге жуық жеке мектеп бар.
Сонымен бірге Солтүстік Қазақстан облысындағы жекеменшік мектептерге де 2025 жылғы ақпан, наурыз айларының төлемақысы түспеген.
Сәуірдің аяқталуына үш күн қалды. Қаржыландыру дұрыс жүрсе, бұл уақытта осы айдың ақшасы төленіп жатуға тиіс.
Ұстаздар мәселесі Астанаға дейін жетті
Естеріңізге сала кетейік, 23 сәуірде Kursiv.Media мемлекет тапсырысын орындаған жекеменшік мектептер 2023-2024 жылдардағы соңғы айды...