Биыл смарт технологиялары бар үй деген сән ғана емес, күнделікті қажетке айнала бастайды. Өйткені осы технологияның арқасында күйбең тірлік жеңілдеп, өмір қауіпсіз әрі үнемдірек бола түседі. Мысалы, сіз жұмыста отырып «үтікті өшірдім бе, жарық қосылып қалмады ма?» деп уайымдамайсыз. Болмаса, үйге қарай бет алғанда ақылды жүйе шай қойып, дәліздің жарығын қосып, кондиционердің температурасын ыңғайлап қояды. Ғажап емес пе? Осылай сізді сөзсіз түсінетін «ақылды үй» технологиясында 2025 жылы қандай өзгерістер болатынына шолу жасайық.
«Ақылды үйдің» артықшылығы: оның қандай пайдасы бар?
Сонымен смарт-үйдің неге керек екенін тізбектеп көрелік:
Элект қуаты мен суды үнемдейді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі. Атап айтқанда...