Отбасы банктің бас кеңсесі Астанадан Алматыға көшеді. Бұл жайлы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Bes.media жазады. Көшуге қаржы ұйымының ұлттық институт деген статус алуы себеп болған.
«Қазақстанда жүргізіліп жатқан тұрғын үй саясаты аясында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және үйлестіруді тиімдірек жүзеге асыру үшін банктің орталық аппараты астанада орналастырылатын болды», – деп атап өтті банкте.
Көшуге қатысты мәселені шешу үшін қазір банкте жұмыс тобы құрылған. Ол бұл процеске қажетті барлық шығынды есептеп шығарады. Көшу кезең-кезеңімен жүзеге асады және қаржы ұйымының құрылымына әсер етпейді.
Бұған дейін Отбасы банктің Астанадан ғимарат сатып алғаны жайлы хабарланған...