2024 жылдың 27 ақпан мен 4 наурыз аралығында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бастаған делегация АҚШ пен Канадаға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
Шарлапаев бастаған топ АҚШ-тан инвестиция тарту мақсатында ресми орган және ірі компания өкілдерімен келіссөз жүргізбек.
«Сапар шеңберінде АҚШ-тан Қазақстан Республикасының жер қойнауын игеру және барлау жұмыстарына инвестиция тарту мақсатында салалық ведомствалар және ірі америкалық компаниялармен кездесу жоспарланған», – деді ресми өкіл.
Сонымен қатар ресми делегация Канаданың Торонто қаласында өтетін PDAC 2024 көрмесінде Қазақстан павильонының ашылуына қатысады. Канададағы тау-кен компанияларымен байланыс орнату үшін...