Chery модельдік қатарындағы ең үлкен көлік — жаңа гибридті Tiggo 9L кроссоверін таныстырды. Дизайн және техникалық сипаттамасымен ерекшеленетін жаңа флагман Шанхай автосалонында көрсетілді.
Пішіні мен сипаты
Chery Tiggo 9L моделінің ұзындығы — 5050 мм, ені — 1960 мм, биіктігі — 1800 мм, дөңгелек базасы — 2950 мм. «Китайские автомобили» мәліметіне сенсек, аталған модель негізгі марка мен суббрендтер топтамасындағы кроссоверлердің барлығынан үлкен.
Chery Tiggo 9L қандай кроссоверге ұқсайды
Tiggo 9L көлігінің сыртқы келбеті бұрынғыға қарағанда көбірек бұрышты, жапон жол талғамайтын көліктерін, әсіресе Nissan Patrol-ды еске салады. Дегенмен, оның өзіндік ерекшеліктері де бар — жаңа пішіндегі айрықша алдыңғы шамдар және алдыңғы бөлігінде ірі CHERY жазуы...