«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгеріс енгізіледі
«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгеріс енгізіледі/Фото: kursiv.media
«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісім хаттамасына өзгеріс енгізіледі. Үкімет қаулысы Ашық НҚА сайтында қоғамдық талқылауға шығарылды.
«Қоса беріліп отырған 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын» – деп жазылған үкімет қаулысында.
Хаттамаға Қазақстан үкіметі атынан қол қою өкілеттігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге берілген.
Екі ел келісімнің 20-бабын басшылыққа ала отырып, бірнеше бапқа өзгеріс енгізеді. Атап айтқанда, келісімнің 5-бабыны...