Мемлекет әрі ойланып, бері ойланып қосылған құн салығын (ҚҚС) көтермеу туралы шешім қабылдады. Үкімет басшысы одан да бюджет кірісін толықтырудың басқа жолын іздейік деп мәлім етті. Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, ҚҚС-ты көтеру кәсіпкерлерге жағымсыз салдарын тигізеді. Дәл қазіргі 12 пайыз деңгейінде сақтау үшін ешқандай қосымша құжат әзірлеу қажет емес. Дегенмен қазынаға 2-2,5 трлн теңге ауадай қажет. Үкіметтің экономикалық блогының бұрынғы басшылары ҚҚС ставкасын ұлғайту есебінен осыншама қаржы тартуды көздеген болатын. Ендігі шешім қандай? Сарапшылар не айтады?
Бәрі де Президенттің Үкіметтегі кеңейтілген отырыста сөйлеген сөзінен басталды. Президент Тоқаевтың айтуынша, қазіргі уақытта елімізде жаңа Салық кодексі әзірленуде, ол инвесторлар...