Мәжілісмен Айдарбек Қожаназаров экс-депутат Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді. Депутат бұл жағдайдан саяси астар іздемейді, оны жеке бастың мәселесі деп баға берді.
Respublica партиясының төрағасы Берденовтің жағдайы әлі де мәз еместігін айтады.
«Жақсы деп айтуға да болмайды, үлкен жарақат алды. Өздеріңіз білетіндей үш рет оқ атылды, ондай жарақаттан аман-сау қалу өте қиын. Өз-өзіне келу біраз уақыт алады. Өзім де қатты уайымдап қалдым. Мен ойлаймын ешқандай саяси астары жоқ, бұл жеке бас мәселесі»,- деді Қожаназаров Мәжіліс кулуарында.
Депутат Берденовке жасалған шабуылға қатысты қоғамда айтылып жатқан түрлі нұсқалардың ешқайсысына сенбейтінін атап өтті.
«Екі нұсқаға да сенбеймін. Мен...