Қазақстанда жасанды интеллект жобасын жасап шығу үшін кадрларды дайындауға шетелдік университеттің мамандары тартылып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек айтты.
«Жасанды интеллект жасау Цифрлық даму министрлігіне қарағаны жөн. Бірақ кадрларды дайындау, ғылыми зерттеу, тілдік модельдеу дайындау жұмыстарына біздің министрліктің тікелей қатысы бар», – деді министр.
Министрдің айтуынша, қазір интеллект жасау үшін Қазақстанда шетелдік ЖОО-ның 3 филиалы ашылған.
«Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Сеул ғылыми зерттеу университеті, Сәтбаев атындағы ҚАЗҰҒЗУ базасында Гонконг университеті, Жұбанов атындағы университет базасында Шотландия университеті мамандары шақырылып, жасанды интеллекке қатысты қазақстандық кадрларды дайындауға көмектеседі», –дед...